Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен өтіп жатқан мектеп оқушылары арасындағы «Шымкент жастар лигасы» ойындары жалғасуда.
Бүгінде Абай ауданы бойынша баскетболдан 36 команда бақ сынасып, №23, 33, 42 және №2 «Дарын» мектептері ширек финалға жолдама алса, валейболдан 35 команда бақ сынасуда. Әл-Фараби ауданында баскетболдан 23 команда жарысып, №1, 8, 9, 45 мектептері ширек финалға жолдама алды. Сонымен қатар, валейболдан 26 команда бақ сынасып, № 7, 9, 18, 64 мектептері ширек финалға шықты.
Еңбекші ауданы бойынша 29 команда валейбол спорт түрінен жарысып, нәтижесінде № 25, 94, 104, 127 мектептері ширек финалға жолдама алса, баскетболдан жарысқан 33 командадан, №31, 28, 39, 41 мектептері ширек финалға жолдама алды. Ал, Қаратау ауданынан 35 команда валейболдан бақ сынасып №68, 89, 131, 113 мектептер ширек финалға шықты. Ал, «Баскетбол» спорт түрі бойынша 36 команданың №72, 59 мектептің спорт алаңшасында ойындары жалғасуда.
Айта кетейік, әрбір спорт түрінен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарынан қалалық жарысқа 16 командаға жолдама беріледі. ІІ кезеңде 16 команда арасында 1/8 финалдан бастап, 1/4 финал, 1/2 финал, финалдық ойындармен жеңімпаз командалар анықталатын болады.