basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік депутат Рамазан айында 500 отбасыға көмек көрсетті

Сәуір 22, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік депутат Рамазан айында 500 отбасыға көмек көрсетті
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Үшінші мегаполисте қасиетті Рамазан айындағы қайырымды істер жалғасуда. Nur Otan партиясының ұйықты болуымен сондай іс-шараның бірі бүгін Еңбекші ауданы аумағында өтті. Аудан аумағында тұратын 500-ден астам отбасыға азық-түлік таратылды. Қайырымдылық ісіне Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бәйкен Әшірбаев демеушілік етіп отыр.

– Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы жүруде. Соған қаламыздың тумасы ретінде өз үлесімізді қосып, көмек көрсетуді жөн көрдік. Қандай іс-шара болса да елдегі ауызбіршіліктің нәтижесінде ұйымдастырылатынын ұмытпаймыз. Бірге болсақ, барлық қиындықты жеңіп шығамыз, – деді Бәйкен Әшірбаев.

Партия өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың өтініші ескеріле отырып, кәсіпкер азаматтарға ұсыныс жасалып, мұқтаж отбасыларға көмек берілуде.

«Бұған қоса «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» партиялық жобалары жүзеге асырылуда», – деді Nur Otan партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жандос Қамбарбеков.

Осылайша Еңбекші және Қаратау ауданына қарасты Қаратөбе, Жұлдыз, Сайрам елдімекендерінің тұрғындарына ұн, май, шай, күріш және макарон қораптары бөлінді. Ауыл билерінің қадағалауымен азық-түлік көліктерге тиеліп, отбасыларға үлестіріледі.

 

Tags: 3 мегаполисБәйкен ӘшірбаевМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Биыл 26 мыңға жуық шымкенттік ауыз сумен қамтылады

Next Post

Шымкент: Кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі түсіндірілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі