Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары, қалалық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Бектаева Жанар Әлібекқызы, Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Jas Otan» ЖҚ мүшелері қатысты.
Конференцияның күн тәртібіне сәйкес «Nur Otan» партиясы Әл – Фараби аудандық филиалының төрағасы лауазымына
Әл – Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлы сайланды
«Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық партия филиалының Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстарының есебі туралы «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Заңғар Усупахметов баяндады.
Әл-Фараби ауданы бойынша 8500 астам партия мүшелері тіркелген. Ауданда 107 партиялық топтардан тұратын 13 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды.
2019-2020 жылдары Әл-Фараби аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен Саяси кеңесінің 9 мәжілісі, Саяси кеңесі Бюросының 11 мәжілісі өткізілді. Оның ішінде 4 – і филиалдың жылдық жоспарына сәйкес, ал кезектен – тыс 6 –коференция өтті.
Партиялық бақылау комиссиясының және филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамын бекіту, жылдық жоспарға сәйкес 6 шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының есебі, аудан көлеміндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша атқарушы билік өкілдерінің есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымдарының қатысуымен 2019-2020 жылдары әр түрлі деңгейдегі 145 кездесу, 9 рет семинар, 32 рет өзекті мәселелерді талқылау мақсатында кездесу кеңестері мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Өткізілген іс-шараларда Партия Жарғысы мен бағдарламалық құжаттардың талаптарын орындау, партия алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру туралы, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының бөлмелерін ашу, партия мүшелерінің санын арттыру, мүшелік жарналарды уақтылы төлеу мәселелері қойылды.
Бастауыш партия ұйымдары есеп беру мерзімінде барлық саяси-партиялық іс-шаралардың, форумдардың, кездесулердің, бұқаралық іс-шаралардың бастамашысы болып ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қалыптастыруға өзіндік партиялық ықпал жасауда. Сонымен қатар, алдағы уақытта әр бастауыш партия ұйымдарына депутаттық фракция мүшелері, Саяси кеңес мүшелері және аудандық филиал қызметкерлері тәлімгерлер болып бекітіліп, арнайы кестеге сай кездесулер өткізіліп, тиісті кеңестер берілетін болады.
Сонымен қатар, конференция барысында «Nur Otan» партиясы жарғысының 9,6 тармағына сәйкес, Әл-Фараби аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы және «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезекті 42-ші конференциясына Әл-Фараби ауданынан делегаттар сайланды.