basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Елімізде баспана мәселесін шешудің түрлі жолдары қарастырылған

Сәуір 30, 2021
in Жаңалықтар
0
Елімізде баспана мәселесін шешудің түрлі жолдары қарастырылған
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2019 жылы Шымкент қаласында тұрғын үй алу тізімінде 40 516 азамат тіркеліп,  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үйге 540 отбасы қол жеткізді. Оның ішінде санаттар бойынша: 177 пәтері көпбалалы отбасыларға, 108 пәтері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және 255 пәтері әлеуметтік жағынан осал топтарына және бюджеттік сала қызметкерлерінің пайдалануына берілген. Сонымен қатар , «Самұрық – Қазына» АҚ желісі бойынша кезекте тіркелген 97 азамат, ал «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша 91 азамат аренда әрі қарай сатып алу құқығымен пәтермен қамтамасыз етілді.

2020 жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер саны – 42 269 азаматты құраған. Өткен жылы 1596 пәтер азаматтарға сатып алу құқығынсыз арендалық ретінде берілсе,  кредиттік тұрғын үй бағытында 2614 әлеуметтік несиелендіру шарты негізінде тұрғын үймен қамтылған.

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер  саны 43 906 азаматты құрап отыр. Бұл  көрсеткіш 2020 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2 есеге артқан. Жыл басынан бері 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланып, жұмыс істейтін жастарға 300 пәтер, жетім балаларға 10 пәтер, көпбалалы отбасыларға 106 пәтер, халықтың әлеуметтік әлсіз тобына 45 пәтер кілті табысталды. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер тарапынан 613 азамат 8 186,3 млн теңгеге несиелендіріліп, тұрғын үймен қамтылды. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін кезекте тұрған азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз ету үшін 1 580 пәтер сатып алу жоспарлануда.

Айта кету керек, келесі комиссия отырысы  ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланып отыр. Соңғы жылдары тұрғын үй  құрылысы жұмыстары қарқын алып, кезекте тұрған азаматтарға қолданысқа беріліп жатқан пәтерлердің саны артып келеді. Бұл өз кезегінде тұрғын үй кезегінің едәуір жылдам жылжуына оң әсерін беруде. Алдағы уақытта мегаполис тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 1 млн шаршы метрге  жеткізу көзделген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисНұрлы жертұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкентте бірнеше саланы дамытуды қолға алған шаруа бар

Next Post

Шымкент : Кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі