basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәріз жүйесінің мәселесі бойынша арнайы комиссия құрылды

Мамыр 1, 2021
in Жаңалықтар
0
Кәріз жүйесінің мәселесі бойынша арнайы комиссия құрылды
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылы 28 сәуір күні Ынтымақ-2 елді мекенінің тұрғындары кәріз тазалау имаратынан жағымсыз иіс шығатыны жөнінде мәселе көтерген болатын. Осыған байланысты Абай ауданының әкімі, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы және «Су ресурстары және Маркетинг» ЖШС бас директоры бірлесе шешу жолдарын талқылады.

«Су ресурстары және Маркетинг» ЖШС басшысы А.Орман технологияға сәйкес кәріз тазалау имаратынан шығатын өңделмеген тұнба (сырой осадок) «Албасты сай» шұңқырына құйылатынын айтты.  Тұрғындардың наразылығын ескере отырып, жағымсыз иісті болдырмау үшін заманауи технология әдістері қолданылатын болады. Нақтырақ айтсақ, өңделмеген тұнба құятын шұңқыр орны кәріз тазалау имаратының (КОС) батыс бөлігіне ауыстырылады. Аталған жұмыстардың ауқымдылығын ескеріп, 6 ай мерзімде, яғни жыл соңына дейін іске асырылатынын мәлімдеді.

Ал қосымша құбырдан аққан лас сулар бойынша Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков түсіндіріп өтті.

– Бұл мәселені тез арада шешу үшін жауапты мекемелерден арнайы комиссия құрып, зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады. Шамамен 7 күн ішінде мәселенің мән-жайы анықталып, тиісті шаралар көріледі, – деді басқарма басшысы.

Тез арада арнайы комииссия құрылып, бекітілген комиссия мүшелерімен күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының теңгеріміндегі ирригация құбырынан ешқандай да су ағып жатқан жоқ екендігі анықталды. Тексеру жұмыстары тәулігіне екі рет атқарылады Тексеру жұмыстарының толық нәтижесі алда қосымша хабарланады.

Tags: 3 мегаполискомиссиякәріз жүйесішымкент
Previous Post

Шымкент : Қала әкімінің орынбасары азаматтарды тұрғын үй мәселелері бойынша қабылдады

Next Post

Шымкент: Шалғай елдімекенде инвесторлардың көмегімен мәдениет үйі салынады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі