basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент әкімі тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді

Мамыр 3, 2021
in Билік
0
Шымкент әкімі тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» желісінде тұрғындармен тікелей эфирде жүздесті. Қала әкімі алдымен эпидемиологиялық жағдайдан хабардар етіп, тұрғындар сауалына жауап берді.

Эфир барысында тұрғындар негізінен вакциналау, инфрақұрылым, қоғамдық көлік, қаланы көгалдандыру бағытында сауалдарын қойды.

Эпидемиологиялық ахуал бойынша қазіргі таңда Шымкент қаласы Маңғыстау, ШҚО, Алматы, Қостанай, Ақтөбе облыстарымен бірге «сары аймақта» тұр. Шымкент қаласында жыл басынан бері 3919, 29 сәуірде 105 КВИ жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 101 адам емделіп шықты. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1410 төсек-орын бар. 116 мобильді бригадалар жұмыс істеуде.

Қала әкімі вакциналау жұмыстарына тоқталып, тұрғындарды жаппай екпе алуға шақырды.

– Қалада вакциналау бойынша жұмыстар күшейтілуде. Індетті жоюдың бірден бір жолы вакциналау екенін ұғынатын кез келді. Әлем елдері де жаппай екпе салдыруға көшті. Біз ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ғана індетті тоқтата аламыз. Қалаға әр аптада вакцина келіп жатыр. Енді ковидке қарсы жаппай вакцина салдыру басты міндетімізге айналу керек. Сол арқылы қаладағы жағдайды тұрақтандырамыз. Мен де отбасыммен бірге вакциналауға қатыстым. Індетті тезірек жою қала тұрғындарының өзіне байланысты. Карантиндік сақтық шараларды сақтап, әсіресе, ораза кезінде ауызашар сынды отбасылық іс-шараларды тоқтату керек, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, қала әкімі эфир барысында тұрғындардың сапалы сумен қамту, жол құрылысының барысы, ағаш отырғызу, т.б. сауалдарына жан-жақты жауап берді. Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, Ынтымақ-2 елдімекені тұрғындары биыл сапалы ауыз сумен қамтылады. Қазір 60 пайыздан астам жұмыстар аяқталған.

Бүгінде Қонаев көшесінде екі бағытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қонаев-Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысын тезірек аяқтау басты назарда.

Қала әкімі шаһарда ағаш егу, көгалдандыру бағытында да жұмыстар басты назарда екенін, ендігі кезекте тұрғындарды тазалық жұмыстарына белсенді қатысу керектігін айтты.

Эфир соңында шаһар басшысы тұрғындарды 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекемесімен құттықтады.

 

Tags: 3 мегаполисМұрат ӘйтеновтұрғындарХалық үнін естуші мемлекетшымкент
Previous Post

Шымкент : "Бадам аллеясының" құрылысы таныстырылды

Next Post

Шымкент: «ASHYQ» қосымшасы бизнес өкілдеріне карантинде тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі