basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Вегриялық инвесторлар Шымкентте IT жобаларды жүзеге асырады

Мамыр 3, 2021
in Билік
0
Вегриялық инвесторлар Шымкентте IT жобаларды жүзеге асырады
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов венгриялық «SmartSet International Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесті. Жиында «SmartSet International Ltd» компаниясының құрылтайшысы және Басқарма төрағасы Барнабас Ревеспен ынтымақтасты дамыту, инвестициялар тарту мәселелері талқыланды.

Аталған компания IT-кеңес беру, медициналық мекемелерді жобалық қаржыландыру және басқару, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде медициналық қызметтердің толық спектрін ұсынуда үлкен тәжірибеге ие. IT бағдарламалау, инвестициялар және медициналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жобаларды кешенді басқаруды жүзеге асырады.

Кездесуде тараптар денсаулық сақтау және IT технологиялар саласында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Қала әкімі венгриялық компанияның Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларға деген қызығушылығы үшін ризашылығын білдірді.

– Венгрия – Қазақстанның Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Әрі бауырлас халық. Үшінші мегаполис – Шымкентте инфрақұрылым дамыған, барлық жағдай бар. Қаланың Орта Азияда инвестициялар, технологиялар және зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болу үшін әлеуеті жеткілікті. Сіздер тараптан жоспарланған инвестициялық жобалар – көпсалалы аурухана, денсаулық сақтау орталығы, адам ДНҚ-сының құрылымын зерттейтін заманауи зертхана (генетикалық инженерия) және медициналық жабдықтар өндірісі сияқты инвестициялық жобалардың маңызы зор. Біз өз тарапымыздан инвестициялық жобаларды іске асыруда көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді қала әкімі.

Компания Шымкент қаласында денсаулық сақтау және IT саласын дамыту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Өз кезегінде Барнабас Ревес мырза Шымкент қаласының мүмкіндіктерін жоғары бағалап, қала басшылығына алғысын жеткізді.

– Бүгінгі кездесу екі жаққа да тиімді болады деп ойлаймын. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, біз екі жақтың да мүддесі үшін тиімді және табысты жұмыс істей аламыз.

 

Tags: 3 мегаполисIT технологияМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: «ASHYQ» қосымшасы бизнес өкілдеріне карантинде тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Next Post

Шымкент инвестиция тартудан үздіктер қатарында

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі