Сайрам тұрғын алабында орналасқан ауыл шаруашылығы саласын жан-жақты дамытып отырған «Алина» шаруа қожалығы тек балық шаруашығымен ғана айналысып қоймай, қоражайында ірі қара мал, ұсақ мал, қоян және алма бау шаруашылығымен айналысып отырған жайы бар. Бұл қарапайым шаруаның саланы жан-жақты дамытудағы үлкен жетістігі деуге болады. Айта кету керек балық өсіру ісімен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау да бар. Нақтырақ айтқанда, балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.
Шаруақожалықтың егесі кәсіпкер Рахымжанов Данияр саланы дамыту мақсатында алға қойған жоспарларымен бөлісті. Өз кезегеніде Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков басқарма тарапынан көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қолдаулар жайлы айтып өтті. Сонымен бірге шаруашылықтың жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта Басқармамен бірлесе өнімділікті арттыру бағыты бойынша жұмыс жүргізуге шақырды.