basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 38 млрд теңгеге 22 жоба іске асты

Мамыр 3, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 38 млрд теңгеге 22 жоба іске асты
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте ауылшаруашылық саласында 16 млрд теңгеге 32 жоба іске асырылады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында диверсификация мен технологияға негізделген экономика құру жай қажеттілік қана емес, бұдан басқа дамудың жолы жоқ екенін атап өткен болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында өткен жылы индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 38 млрд теңгеге 22 жоба іске асып, мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Шымкентте үш өндірістік аймақ жұмыс істейді. Алды осыдан он жыл бұрын ашылған. Осы аймақта 110 кәсіпорында 7 690 адамды жұмыспен қамтылып отыр. Тек өткен жылдың өзінде бюджетке 7 млрд теңгеге жуық салық түсті. Осы аймақтарда биыл 39 млрд теңгеге 16 жоба іске асады. Қосымша 800-ден астам жұмыс орны ашылады. Алайда, бұл аймақтар қазір толды, бос жер жоқ. Соны ескеріп, тағы үш аймақ ашу көзделуде.

Біріншісі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Мұнда құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі шоғырланады. Елуден астам кәсіпорын құрылады. Жоба құрылысын осы жылдың маусым айында басталады.

Екіншісі – қаланың батыс бөлігінде аумағы 136 га жерге заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салу бойынша 28 жобаны іске асыру көзделуде.

Үшіншісі – қаланың солтүстік бөлігінде «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы да кәсіпкерліктің көзі. Ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеп, дайын өнім шығаратын бұл аймақтар Шымкентті агроөнімдерді өңдейтін орталыққа айналдырады.

Жалпы ауылшаруашылық саласында былтыр құны 5 млрд теңгеден астам қаржыға 10 жоба іске асырылды. Салада өндіріс 4,4 пайызға өсіп, 36 млрд теңгеге жетті. Биыл 16 млрд теңгеге 32 жобаны іске асырып, 1700-ден астам жұмыс орны ашылады.

 

Previous Post

Шымкенттік жас қайтарымсыз қаржы алып, каскадерлік орталық ашты

Next Post

«Сәуле» шағынауданында жеке кәсіпкер мал шаруашылығы өндірісін дамытуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі