basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жылыжай кешендеріне мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр

Сәуір 30, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жылыжай кешендеріне мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауылшаруашылығы саласында басым бағыттарының бірі азық-түлік тауарлары екені белгілі. Тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласында жылыжай кешендерінің саны мен оған көрсетілетін мемлекеттік қолдау үлесі артып келеді.

Шымкенттегі мемлекет тарапынан қолдау тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған өндірістік жылыжай кешендерінің бірі – «Иляев» ЖК. Қаратау ауданы Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан. Жалпы аумағы 2,2 гектарды құрайды.

Өз жұмысын 2018 жылы бастаған. Сол жылы кешен құрылысына «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілген.

Жылыжай кешені түркиялық стандартқа сай келетін және жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып қана қоймай, инновациялық жүйедегі заманауи технологиялармен қамтылған.

Жылына 600 тоннаға дейін қызанақтың «Мерлис» және «Пембе» сорттарын өндіреді. Өндірілген тауарлар азық-түлік дүкендері мен базарларында сатылып жатыр. Қазіргі таңда жылыжай кешенінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, бұл жерде өсірілетін көкөністер тек экологиялық таза өнімдерден құралады. Оларды өсіруде қолданылатын технология су мен тыңайтқыштарды және басқа да ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар арқасында кәсіпкер, шаруашылық иесі Берік Иляев 2022 жылы қосымша жылыжай аумағын 4 гектарға ұлғайтып, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Одан өзге, Шымкент қаласын ғана қамтып қоймай, экспортқа шығаруды көздеп отыр.

 

Previous Post

Шымкент : «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 392 жұмыс орны ашылады

Next Post

Шымкент : 34 862 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі