basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Мемлекеттік қолдау батыл шешім қабылдауға көмектескен

Сәуір 20, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Мемлекеттік қолдау батыл шешім қабылдауға көмектескен
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы фурнитурамен айналысатын «KAZPLAST» компаниясының негізі 2006 жылы қаланған. Сол жылдан бастап тігін фурнитурасын, атап айтқанда түймелерді, фиксаторлар мен карабиндерді өндірумен және сатумен айналысып келеді.

Компания 9 жыл көлемінде түрлі пішіндегі түймелерді тапсырысқа тігіп, сатуға шығарды.

Алғашында тек әскери және арнайы киімдерге арналған түймелердің бірнеше түрі мен пішіндерін шығарды. Себебі түймелердің өндірісі ескі әдіс бойынша, яғни түймелердің түрлі пішіндері мен өлшемдері үшін жекелеген пресс-пішіндерді қолдану арқылы өндірілді. Бұл мекеме үшін қосымша шығындар болып табылды. Оларды дайындау да ұзақ уақытты алады.

Осы тұста кәсіпорын түймелер өндірісіне инновациялық технологияларды енгізу туралы шешім қабылдайды. Жаңа даму деңгейіне шығу, тауар алушылар санын арттыру, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болу мақсатында итальяндық түймелерді өндіретін құрал-жабдықтарды сатып алуды көздейді.

Мемлекеттік қолдаумен «Даму» қоры арқылы несие алып, жабдықтарды сатып алады. Жаңа құрал-жабдықтар кең ассортиментте жейде, көйлек, пальто, күртешелер үшін, сондай-ақ арнайы киімдер үшін түймелер шығаруға мүмкіндік берді.

«KAZPLAST» компаниясы «жоғары сапасы – қол жетімді және тез» ұранымен жұмыс жасайды. Ондағы құрастырушы технологтар көп жылдық еңбек өтілімен өндірістің барлық сырларын меңгерген және іске шығармашылықпен қарайды.

Сонымен қатар, компанияның басшысы табысты кәсіпкер, әрі екі баланың анасы Дана Жұмабаева өз кәсібінің аясын үнемі кеңейтіп отыруды жөн көреді. «Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Қазіргі уақыт – нағыз сол қолдауды пайдалана отырып, кәсіп ашып, оны дөңгелететін уақыт. Мемлекет тарапынан берілген қолдау маған да батыл шешім қабылдауыма көмектесті» дейді компания басшысы.

Дәл осылай 2014 жылы да аталған кәсіпорын мемлекеттік қолдау тауып, арнайы киім өндірісін іске қосты.

Дайын өнімдер бойынша толық ақпаратты 8 (778) 996 6047 нөмірі арқылы алуға болады.

 

Previous Post

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спорттық сайыс өтті

Next Post

Шымкенттің басты көшелеріне 18 мың түп гүл көшет отырғызылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі