basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту – тиімді жоба

Тамыз 9, 2021
in Билік
0
Шымкент: Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту – тиімді жоба
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға қолдау көрсетуге  зор мүмкіндік береді. Жаңа жобаның негізгі басым  бағытының бірі – аз қамтылған азаматтарға көмек беру және жұмыспен қамту.

Шымкентте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы заң жобасы бойынша дөңгелек үстелде талқыланды. Жиынға қаладағы бірқатар кәсіпкерлер қатысты.

– Әлеуметтік кәсіпкерліктің ерекшелігі – бұл қызметтің кәсіпкерлік сипаты қоғам үшін пайда табуға бағытталған. Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік жобасына халықтың қызығушылығы артуда. Бұл жоба инвесторларға өте тиімді, қаржыларын қайырымдылыққа бағыттағаннан гөрі оны бизнеске салып, мемлекеттен түрлі жеңілдік алады. Соның бірі – бұл мүлік салығын төмендету, сондай-ақ салық салынатын кірісті азайту, – деді басқарма бөлімінің басшысы Қуаныш Аханов.

Шымкент қаласында қазірдің өзінде әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылық танытып жатқан кәсіпкерлер бар. Заңнамаға сәйкес, әлеуметтік осал топ қатарындағы азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық шараларына қатысуға басым құқыққа ие болады.

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек балалардың ата-аналары мен қамқоршыларына, зейнеткерлер мен зейнеткерлік жас алдындағы азаматтарға,  29 жасқа дейінгі балалар үйінің түлектері мен аз қамтылған, көп балалы немесе толық емес отбасылар қатарындағы әйелдер, соңғы 12 ай ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар мен  нашақорлықтан емделген азаматтарға қолдау көрсетіліп, жұмыспен қамтулары негізгі шарттардың бірі болуы мүмкін.

Tags: 3 мегаполисбизнескәсіпкерлікшымкент
Previous Post

Шымкент экономикасының жеті саласында өсім байқалады

Next Post

Шымкентте аяқ киім тігетін жаңа кәсіпорын ашылмақ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі