basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : Әлеуметтік портал арқылы 500 мыңға жуық оңалту құралы жеткізілді

Мамыр 6, 2021
in Билік
0
Шымкент : Әлеуметтік портал арқылы 500 мыңға жуық оңалту құралы жеткізілді
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әлеуметтік қызметтер порталы  арқылы мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарының 55 түріне және түрлі қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады. Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйінен шықпай ЭЦҚ көмегімен көптеген мүмкіндік ұсынып отыр.

Оңалту құралдары 14 күнде және тегін жеткізіледі. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері қалада мүгедектігі бар 2510 адамға нақты 488 445 оңалту құралы жеткізілген.

– Шын мәнінде, портал кәдімгі интернет-дүкенге ұқсайды. Мүгедектігі бар азаматтар оңалту құралы мен қызметін сапалы және делдалсыз еркін таңдауға және үйге жеткізуге толық мүмкіндік алады. Порталдың өзіндік ерекшеліктері де бар. Біріншіден, мұнда ЭЦҚ арқылы кіруге болады. Оның еш қиындығы жоқ. Екіншіден, таңдауға мүмкіндік бар. Егер техникалық оңалту құралының қымбат түрін таңдаған жағдайда, үстіндегі ақшасын өзі төлеп ала алады, – дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратов.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалармен қамтамасыз ету қарастырылған. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий-курорттық емдеу қызметтері кіреді. Биыл оңалту шаралары және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету аясында 22 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматты 31 436 қажетті құралдар мен қызметтермен қамту жоспарланып отыр.

Tags: 3 мегаполисоңалту құралышымкентәлеуметтік портал
Previous Post

Шымкенттегі 155 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталады

Next Post

Шымкентте ауа ластануы жоғары 10 аймаққа автоматтандырылған бекеттер орнатылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі