basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы аясында 600-ден астам жас жұмыспен қамтылды

Мамыр 11, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы аясында 600-ден астам жас жұмыспен қамтылды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты – жастар практикасы азаматтардың жұмыс табуына септігін тигізуде.

Жастар практиикасы түлектердің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылған. Биыл  қалалық жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жастар практикасы бойынша тәжірибе жинақтап жүрген түлектерге жалақы төленеді. Жыл басынан бері 600-ден астам шымкенттік жас тәжирибеден өтуде.

Айбарша Бескен – осы бағдарлама арқылы қаладағы «Назира-Б» балабақшасына жолдама алғандардың бірі. 2020 жылы «Сайрам» медициналық колледжін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелді. Биыл сәуір айынан бастап ол өз мамандығы бойынша  балабақшада жұмыс істеуде.

– Мен оқуды бітірген соң еңбек өтілімім жоқ болғандықтан ұзақ уақыт жұмыс таба алмай жүрдім.  Жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік  желідегі парақшасында бағдарлама арқылы жұмысқа шақыру жөнінде хабарландыруды  көріп, осындағы мамандардың көмегіне жүгіндім. Орталық мамандары маған бірнеше жұмыс орнын ұсынды. Бірақ өзімнің таңдауым балабақша болды. Уақытша болса да жұмысқа орналасқаныма қуаныштымын, – дейді 20 жасар бағдарлама қатысушысы.

Бағдарлама талабына сай, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және  «жұмыссыз» мәртебесі болуы керек. Және соңғы үш жыл ішінде (2018-2020ж.) жоғары оқу орындары мен колледжердің түлектері бір-ақ рет қатыса алады.

Жалпы былтыр 3 мыңға жуық жас аталған бағдарламамен жұмыспен қамтылып, оның 536-сы тұрақты жұмысқа орналасты.

Tags: 3 мегаполис«Еңбек» бағдарламасыжастаршымкент
Previous Post

Карантин талаптарын бұзудан Түркістан көш бастап тұр

Next Post

Шымкенттегі «IKOLIK» жобасы барлық интернет пайдаланушылар үшін қолжетімді бола түсті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі