basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының кезекті XLII есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Мамыр 12, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының кезекті XLII есеп беру-сайлау конференциясы өтті
0
SHARES
39
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  үлкен мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезекті XLII есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға  Шымкент қаласының әкімі, қалалық партия филиалының төрағасы Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы, қалалық  партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы, қалалық мәслихат хатшысы  Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, мәслихат депутатары мен фракцияның мүшелері, жергілікті атқарушы органдар басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Jas Otan» ЖҚ мүшелері қатысты. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жергілікті филиалдардан сайланған 130 делегат Zoom платформасында онлайн түрде қатысты.

Конференция барысында Партия филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның есебі тыңдалып,  алдағы кезеңге арналған міндеттері талқыланды.

Бүгінде қаламызда жетекші партияның 35 мыңға жуық мүшесі бар. Олардың 36,6% пайызы ерлер, 63,7% әйел азаматтар болса, ондағы жастардың үлесі  23,8% пайызды құрайды. Партия мүшелері партияның негізгі күші болып табылатын 49 бастауыш ұйымдарына  топтасып заман ағымына сай жаңашылдыққа бетбұрыс жасау бағытындағы Елбасы тапсырмаларын өңірде қарқынды жүзеге асыруда.

Есепті мерзімде партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Жастар Отанға!», «Құтты мекен», «Халыққа көмек»  жобалары бойынша 151 524 адам қамтылып 1342  іс-шара өткізілді. Ал партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматардын 35162 өтініш түскен болса, олардың 22272 оң шешімін тауып, жалпы түскен өтініштердің 63,2% құрады.

Сонымен қатар, есептік жиында партия филиалы бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмысы туралы есебі тыңдалып, алдағы кезеңге арналған міндеттері талқыланды.

Сондай-ақ, конференция барысында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясы сайланды.

Конференция жұмысын қала әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов қорытындылап, партия активіне нақты тапсырмалар жүктеді.

Previous Post

Шымкент еліміздегі экономикалық өсімі артқан екі аймақтың бірі

Next Post

Шымкентте биыл инватакси қызметін пайдалануға 500-ден астам азамат өтініш білдірген

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі