basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің өңдеу өнеркәсібі 14,4 пайызға өсті

Тамыз 5, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің өңдеу өнеркәсібі 14,4 пайызға өсті
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Республиканың ең ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылатын Шымкент қаласында осы жылдың төрт айында 243,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ал, өнеркәсіп саласында үлесі 84,4 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 205,4 млрд. теңгенi құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4 пайызға артты. Бұл көрсеткішпен қаламыз еліміз бойынша алғашқы бестікке кіріп отыр.

Қаладағы өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында өсу динамикасын байқауға болады. Мысалы, химия өнеркәсібі 2,4 есе, фармацевтика өнеркәсібі 31%-ға, жеңіл өнеркәсібі 34,1%-ға,  тамақ өнеркәсібі 15%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 11%-ға және металлургия 2,2%-ға өскен.

Жалпы Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында қала аумағынан үш индустриалды аймақ құрылуда. Олардың бірі 306 гектар жерді алып жатқан «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Бұл аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады. Сонымен қатар, екі агро-индустриалды аймақ іске қосылады. Онда 28 жоба мен биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі және сүт өндіру зауыты бой көтереді.

Болашақта Шымкент қаласы өзінде және көрші облыстарда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін  терең өңдеу бағытында даму көзделуде.

Айта кетейік, қалада өнеркәсіп саласында 704 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның 26 ірі және 47 орта кәсіпорындар.  Онда 32 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.

Tags: 3 мегаполискәсіпкерлікшымкентӨнеркәсіп
Previous Post

Шымкентте 282 инвестициялық жоба іске асырылады

Next Post

Мұрат Әйтенов: Нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту қажет

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі