Бүгін Шымкентте Риддер қаласы Лесхоз кентінің тұрғындарына гуманитарлық жүк тиелген көліктер жолға шықты. Қала жастарының бастамасымен ұйымдастырылған игі шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәслихат депуттары мен «NurOtan» партиясы фракциясының мүшелері қатысты.
Сөз алған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан белсенді жастарға алғысын білдіріп, аттанатын жол керуеніне сәттілік тіледі.
-Қиын жағдайда қалған риддерліктерге шымкенттік жастар да қол ұшын созуда. Ел басына қиындық түскенде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыла жұмыс жасады. Бұған қаламыздағы кәсіпкерлер де үлес қосты. Олар зардап шеккен отбасыларына қажетті тұрмыстық заттарды жіберіп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың атынан қайырымды іске ұйытқы болған азаматтарға алғыс айтамын,-деді Шыңғыс Мұқан.
Қайырымды істер марафоны жалпыұлттық жобасы асындағы игі шараға қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков, құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов және Мұрат Джолдықожаев, Асқар Әлімбеков, Нұрсұлтан Балабиев сынды азаматтар белсенді қолдау көрсеткен. Мұнан бөлек «Бал Текстиль» 50 кілем жеткізсе, бірқатар кәсіпкер азаматтар зардап шеккен отбасыларына азық-түлікпен қатар қысқа толқынды пеш, ыдыс-аяқ жіберген.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Риддер орман шаруашылығында шыққан тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.