basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Даму» қорының қолдауымен балық ыстау цехы іске қосылды

Мамыр 17, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Даму» қорының қолдауымен балық ыстау цехы іске қосылды
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Олжас Нахипов балық ыстау нарығында 2008 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бұл кәсіпті алдымен сырт елдерден әкелінетін теңіз өнімдерін сатудан бастады. Осылайша нарықты, технологияны зерттеп, өзі шағын балық ыстайтын цех ашуға бел буады.

– Біз әртүрлі шетелдік компаниялардың дайын өнімдерін сатттық. Өнімді сырттан әкелгеннен гөрі осы жерде дайындаған дұрыс екенін ұқтым. Сол кезде өнімнің де дәмі бұзылмайды. Оның үстіне адамдар денсаулыққа пайдалы асты тұтынғысы келеді. Тұтыну нарығын зерттей келе, өзіміздің балықты өңдеу және ыстау цехын ашатын болып шештік, – дейді Олжас.

Алғашқы өнім Шымкент қаласы «Теңіз» ірі көтерме-бөлшек дүкені арқылы сынақтан сәтті өтті. Цехта дәстүрлі табиғи ыстау тәсілі қолданылады. Аздап тұздалған және ысталған арқан балық, алабалық, аздап тұздатылған майшабақ, скумбрия, ыстық және салқын ысталған теңіз және тұзды су балықтары, тыран және бақтақ, тағы басқа  өнім түрлері бар.

Ысталған балықтардың маусымы наурыздың аяғынан бастап желтоқсанға дейін жалғасалы.

Жеке кәсіпкер алғашында жылыжай кешенін іске қосуды жоспарлаған. Алайда «Даму» Қорының менеджерлерінің кеңестеріне жүгініп, цехты ұлғайтуға шешім қабылдады.

Балық ыстайтын өндіріс үшін «Даму» Қоры несие пайызының біршама бөлігін субсидиялады. «Даму» Қоры жобаны кепілдік бойынша 5 жұмыс күні ішінде мақұлдады. Мүлік жетіспеген жағдайда қор өзінің несие соммасынан 50 % дейінгі кепілдігін берді.

«Forte Bank» АҚ филиалы клиенттің өтінішін бар болғаны 10 жұмыс күні ішінде қарастырып, несие берді.

Бүгінде цехта айына 6-7 тоннаға дейін балықтар өңделеді. 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Балық жеткізу және дайын өнімді өткізу үрдісі ретке келтірілген. Шикізатты негізгі жеткізушілер – жергілікті және сонымен бірге ресейлік компаниялар.

Дайын өнімдер ірі супермаркеттер мен өңір базарларында сатылуда.

 

 

Tags: 3 мегаполисАуыл шаруашылығыбизнесшымкент
Previous Post

Шымкент: Жолайрық құрылысының ІІ кезеңі басталды

Next Post

Шымкент : «Самал» қосалқы станциясының 70 пайызы қалпына келтірілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі