basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : Асар-2 шағынауданы жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтылады

Мамыр 19, 2021
in Билік
0
Шымкент : Асар-2 шағынауданы жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтылады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б.Булатбеков Асар-2 шағынауданында инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады.

Асар-2 шағынауданында ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Қазіргі уақытта жұмыстың 60 пайызы аяқталған. Ұзындығы 156,1 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының құрылысы 2021 жылдың қазан айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде Асар-2 шағын ауданындағы 2 723  абонент таза сумен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, Асар-2 шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 92,2 % аяқталған. Жоспар бойынша құрылысты ағымдағы жылдың қараша айына дейін аяқтап, 2771 тұрғын үйді газбен қамтамасыз ету көзделуде.

Аталған елдімекенді сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2019 жылы бюджеттен қаржы қаралып, мердігер мекеме «Ремстрой Алматы» АҚ анықталған.

Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданындағы  ішкі электр желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қосуға дайын.  Алайда қосылатын көзі 110 кВ «1-М-1» қосалқы станциясының және 220 кв «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Қосалқы станцияның құрылысы  шілде айында аяқталатын болады.

Аталған екі нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін жаңа желілерге электр қуаты беріледі. Нәтижесінде 2765 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Tags: 3 мегаполисАсар 2инфрақұрылымшымкент
Previous Post

Шымкент : «Самал» қосалқы станциясының 70 пайызы қалпына келтірілді

Next Post

Шымкент : Абай ауданындағы көшелер абаттандырылуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі