basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Инфрақұрылым : Шымкентте тағы 14 базалық станция орнатылуда

Мамыр 21, 2021
in Жаңалықтар
0
Инфрақұрылым : Шымкентте тағы 14 базалық станция орнатылуда
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына орай, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етудің бірінші кезеңі аяқталып, қаланың 11 жеріне байланыс антенналары орнатылған. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз етудің екінші кезеңіне сәйкес 14 жер телімі анықталған. Белгіленген 8 жерге әкімдік, «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және жеке инвестормен бірлесе антенна-матчталық  құрылғылар, қалған 6 жерге мобильді байланыс операторлары тарапынан коммерциялық обьектілерге базалық станцияларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Олардың ішінде: А2 және Р-32 трассасы, аэропорт маңы, «226 орам», «Солтүстік-Батыс», «Қайнар бұлақ» саяжай алабы мен «Тассай», «Құрсай», «Самал-3», «Ынтымақ-2», «Достық», «Асар»  шағын аудандары және «Забадам», «Абдулабад» тұрғын алаптары бар.

Қазіргі таңда, «Ынтымақ-2» шағын ауданына антенна-матчталық құрылғы орнатылып электр-энергиясына жалғау жұмыстары жүргізілсе, «Тассай» елді мекеніне мердігер компания тарапынан антенна-матчталық құрылғы орнатылуда. Алайда тұрғындар тарапынан радиофобияға байланысты әртүрлі қауесет сөздерді есту арқылы базалық станцияның орнатылуына қарсылықтар білдіруде,-деді басқарма мамандары.

Салалық мамандар қала тұрғындарына базалық станция пәтер, жеке жер үй тұрғындарына еш зияны жоқ екендігін мәлімдеді. Олардың айтуынша, базалық станцияның толқыны, үйде күнде тұрмыста қолданатын қысқа толқынды пештің толқыны көлемінде. Базалық станциялар барлық бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай орнатылады. Бұл технология барлық елдерде қолданылуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымсапалы интернетшымкент
Previous Post

Шымкентте жаңа ипподромның құрылысы басталды

Next Post

Шымкент : 146 отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үймен қамтылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі