basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Өңірде инвестициялық жобалардың арқасында жаңа өнім түрлері көбеюде

Мамыр 26, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Өңірде инвестициялық жобалардың арқасында жаңа өнім түрлері көбеюде
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірде инвестициялық жобалар іске қосылып, жаңа өнім түрлері игерілген, олар: кілем; жоғары маркалық цемент; ПВХ- және алюминий профильдері; битум; шифер; полианион целлюлозасы; құрылыстық әйнектер; мотор майлары; шынылар; полиэтилендік құбырлары мен басқада бұйымдар; вакуумдық пробиркалар; қағаздар мен гофрокартон; сорғы станциялары мен батырмалы сорғылар; трансформаторлар; керамогранит тақтайшылар; химиялық тұрмыстық тазартқыш құралдар; медициналық қондырғылар мен бұйымдар; дәрі-дәрмектер, бір реттік қолданылатын бетперделер,   және т.б.

Жаңа жобаларымен қатар жұмыс жасаушы кәсіпорындары да өз өндірістерін жаңғыртты (модернизация) және қайта жарақтандырды.

Атап айтқанда, «Химфарм» АҚ (дәрі-дәрмек), «Шымкент май» АҚ (өсімдік май), «Шымкентцемент» АҚ (цемент), «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПКОП) ЖШС (мұнай өнімдері) кәсіпорындары өндірістерін жаңғырту және қайта жарақтандыру жұмыстарын жүргізді.

2011-2018 жылдары «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС өндірісін жаңғырту және қайта жарақтандыруды жүргізді. Нәтижесінде шикі мұнай өңдеу көлемін 4,8 млн. тоннадан 6 млн. тоннаға дейін ұлғайтты. Зауыт                   К4 және К5 (Евро 4, Евро 5 аналогы) халықаралық экологиялық классына сәйкес келетін жоғары октанды бензиндер мен дизельді отын шығаратын болды.

2011-2020 жылдары «Химфарм» АҚ жұмыс жасап жатқан өндірістерді жаңғырту және жаңа өндірістерді құру бойынша жұмыстарды жүргізуде. Зауыт жыл сайын нарық қажеттіліктеріне қарай өндірілетін өнімдердің портфелін кеңейтіп отырады. Компанияның өнімдері GMP халықаралық стандарттарға сай.

Ал «Шымкентмай» АҚ-да 2016 жылы аяқталған жаңғыртудың нәтижесінде зауыттың қуаттылығы тәулігіне 120 тоннадан 200 тоннаға дейін тазартылған мақта майын және 80 тоннадан 300 тоннаға дейін күнбағыс майын өндіру артты. Кәсіпорын жоғары деңгейде тазартылған майлар шығарады.

2017-2018 жылдары «Шымкентцемент» АҚ зауытта жаңғыртуды өткiзіп, энергия сыйымдылықты 2,5 есеге азайтуға және цементтiң құны айтарлықтай төмендетуге мүмкiндiк беретiн цемент өндiрiсiнің «құрғақ» тәсiлі қолданатын болды. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына              1,2 млн. тонна цемент өндіре алады.

 

Tags: 3 мегаполисшымкент
Previous Post

Шымкент: Цифрландыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда

Next Post

Шымкенттік кәсіпкерлер экспорт көлемін арттыруда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі