basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі сағыз өндіретін кәсіпорын өнім түрлерін арттырмақ

Мамыр 29, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі сағыз өндіретін кәсіпорын өнім түрлерін арттырмақ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында өз өндірісін дамытып келе жатқан кәсіпорынның бірі – «NURTAU Distribution Company» ЖШС. 2016 жылы құрылған компания бастапқыда импортталған жуғыш заттар мен жеке гигиена құралдарын сатумен айналысты. Сондай-ақ, Шымкентке сағыз жеткізуші жалғыз дистрибьютер болатын. 2018 жылы жеке кәсіпкерлер тауарды тек сату емес, керісінше өздері дайын өнімді шығара алатынына көз жеткізеді. 2 жыл ішінде коммуникация, өнімді өткізу және т.б., белгілі тәжірибелер қалыптасты.

Осы мезетте Давран мен Абай бірлесе шоколад, печенье және сағыз шығаратын кондитерлік фабрика ашуды ойластырады.

– Біздің компания үш жылға жуық отандық және шетелдік өнім өндірушілердің дистрибьютері болды. Ал 2018 жылы өз өндірісімізді ашу қажет екенін түсіндік. Бір жылға жуық уақыт бойы іздендік, қажетті ақпаратты жинадық. Өз мүмкіндіктерімізді, кәсіпті дамыту мәселелерін зерделедік. Жұмыс осылай басталды, – дейді компанияның бас директоры Абай Мырзаев.

2019 жылы сұлы шоколады мен сағыз өндіретін кондитерлік фабриканың құрылысы үшін компания жеңілдетілген несие алуға «Даму» қорына жүгінді. «АТФ Банк» АҚ 15 % несиемен қаржыландырды. Несиенің 9 %-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Бүгінде жаңа кәсіпорын сағатына 300-400 келі шоколадты печенье, 400-500 келі сағыз өндіреді. Қаншама жыл импорттық өнімді сатып келген жеке кәсіпкерлер қазіргі таңда жаңа бағытқа бет бұруда. Келешекте өнім көлемін арттырып, экспортқа назар аудармақ ниетте.

 

Tags: 3 мегаполисбизнескәсіпкерлікшымкентөндіріс
Previous Post

Шымкентте жиһаз өндірісі 2,3 есеге артқан

Next Post

Шымкенттегі "Bal Decor" кәсіпорыны заманауи кілемшелерді көршілес елдерге экспорттамақ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі