basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген 83 пәтер жекешелендірілді

Мамыр 30, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген 83 пәтер жекешелендірілді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында  жыл басынан бері тұрғын үйді жекешелендіру  бойынша электронды түрде 108 азамат құжат тапсырған. Оның ішінде 83  азаматтың өтініші қанағаттандырылып, пәтерлері жеке меншігіне өткізілді. Қазіргі таңда қалған азаматтар бойынша жекешелендіру жұмыстары жүргізілуде.

Жекешелендіріліп жатқан пәтерлер «Нұрлы жер»  мемлекеттік бағдарламасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі баспаналар болып табылады. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы 2016 жылы қолданысқа енгізілген.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидасына» және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

2020 жылдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үйлерді жекешелендіру  www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылуда. Аталған қызметті алу үшін азаматтың және оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің (ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңбасы болу тиіс.

2019 жылы 188 азаматтың мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлері жеке меншіктеріне өткізілді. Ал 2020 жылы бұл қызметті алған азаматтар саны 102-ні құраған.

Айта кетерлік жайт,  «Нұрлы жер»  мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылысы жүргізіліп пайдалануға  тапсырылған арендалық тұрғын үйлер бағдарлама талаптарына сәйкес, сатып алу құқығынсыз жалдау шарты негізінде берілген. Сондықтан аталған бағдарлама аясында азаматтарға жалға берілген пәтерлер  жеке меншікке берілмейтіндігін назарларыңызға саламыз.

Tags: 3 мегаполисМұрат ӘйтеновНұрлы жершымкент
Previous Post

Шымкентте жаңа алты автобус бағыты ашылды

Next Post

Шымкентте 600 шақырымға жуық жерге кәріз құбыры тартылуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі