basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі

Маусым 2, 2021
in Билік
0
Шымкентте азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Күнделікті жүргізіліп отырған мониторинг бойынша бүгінгі күнге қаланың ішкі нарығындағы әлеуметтік маңызы бар 19 негізгі азық-түлік тауарларының шекті баға деңгейімен салыстырмалы көрсеткіші бойынша 3 өнімде өсім байқалса, қалған өнімдердің бағасы шекті баға деңгейінде, яғни бір қалыпта тұр. Бұл туралы бүгін ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі күні қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында жұмыс тобы мен тұрақтандыру қорын басқару комиссиясы жұмыс жасайды.

«Жалпы халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары басты назарда. Бүгінде азық-түлік тауарларының бағасы өндірушінің өзіндік құнының артуымен және өндірісте пайдаланатын шикізат бағасының өсуіне байланысты қымбаттап отыр. Осы орайда, қаламызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру шаралары шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылды»,-деді басқарма басшысы.

Мәселен, әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу мақсатында ірі сауда желілері, азық-түлік базарлары және жергілікті тауар өндірушілері мен екі жақты ортақ 14 меморандумға қол қойылды. Сонымен бірге, тұрақтандыру қорының айналым механизмі бойынша ірі сауда желілері «Грамад», «Фиркан», «Magnum Cash&Carry» және жергілікті тауар өндірушілері, кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім шарт түзіліп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда.

Бұдан бөлек, бірінші қажеттіліктегі негізгі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру аясында қаланың 8 жерінен «Hermes» ЖШС-нің жылжымалы әлеуметтік   сауда нүктелері ұйымдастырылып, көкөніс өнімдері белгіленген бағада сатылуда.

Әр апта сайын тұрақты түрде қаланың 4 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері өткізілуде («Фосфоршылар» мәдениет үйінің алды, «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағы, «1000 ұсақ-түйек» сауда қатары, «Рахима Плаза» сауда орталығының жаны).

Бұған қоса, халықтың тығыз орналасқан аймағында (Еңбекші ауданы, Елшібек батыр көшесі №116) әлеуметтік дүкен ашылып, күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары төмен бағада сатылуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисАсқар ҚаныбековАуыл шаруашылығышымкент
Previous Post

Шымкент әкімі инфрақұрылым мәселесі бойынша олнайн қабылдау өткізді

Next Post

Шымкентте биыл 300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі