basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Әл-Фараби ауданы 99,7 пайыз инфрақұрылыммен қамтылған

Маусым 2, 2021
in Билік
0
Шымкент: Әл-Фараби ауданы 99,7 пайыз инфрақұрылыммен қамтылған
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаевтың қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде Рашид Мамытұлы жыл басынан бері аудан аумағында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Әл-Фараби ауданында тұрғындарды ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамтамасыз ету 99,7 пайызды құрап отыр. Бұл ретте «195 орам» электр жарығы мен ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілді. Ал ұзақтығы 282 шақырымды құрайтын 404 көшенің 224 шақырымына (80%) асфальт төселді. Жобалар аясында Сәуле шағынаудандағы 2 көше жөнделіп, орталық аумақтағы 3 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, 404 көшенің 103 көшесі, 400 ауланың 393-і жарықтандырылды. Қазіргі таңда мектеп пен балабақшаға баратын 40 көшені жарықтандыру бойынша ұсыныс берілді, – деді Р.Мыңбаев.

Спикердің сөзінше, өткен жылы аудан аумағында орналасқан 33 спорт алаңшасының 18-не жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылы демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Бүгінде оның 2-еуі тұрғындардың пайдалануына берілді. Ал жыл соңына дейін 32 спорт алаңшасы салынады.

Сонымен қатар, аталған ауданда жыл басынан бері 6 148 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріп, оның 4 490 отбасының мұқтаждығы анықталған. Ал ІІ тоқсанда көмекті жалғастыру мақсатында 1 999 отбасы қайта тексеруден өтуде. Бүгінге дейін оның 984-і мұқтаж деп танылған.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында санитарлық тазалықты қадағалау басты кезекте. Бұл жұмыстарды мердігер мекемелер («Нұреке Азия Бизнес» ЖШС-і, «Айдынбек» ЖШС-і) бекітілген кестеге сәйкес аптасына 4 рет, ал жеке секторда 2 рет тазалық жүргізіп отыр.

 

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымРашид Мыңбаевшымкент
Previous Post

Завершились игры второго тура юношеского чемпионата страны по футболу

Next Post

Шымкентте кепілдендірілген әлеуметтік топтамаларды алу жеңілдей түсті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі