Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков Қаратау ауданы, Тассай елді мекенінде орналасқан «Барыс 2007» ЖШС-не барып, жұмыс барысымен танысты. Аталған кәсіпорын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіндегі өнімдердің бірі, көпшілік күнделікті тұтынып жүрген «Madina» макарон және кондитерлік өнімдерін шығарып, қала халқын қамтып отырған алып өндіріс ошағы.
Бұл кәсіпорын 2009 жылы өз жұмысын бастаған. Жобаның құны 20 млн. АҚШ долларын құрайды. Жылына 36000 тонна макарон өнімдерін шығарады. Бұған қоса, кәсіпорын осы жылы жоба құны 300 млн. теңгені құрайтын «Marai» атауымен таза ауыз су өнімін шығаруды қолға алған.
Жылына 3000 литрге дейін ауыз су өнімдерін шығара алады. Бүгінгі таңда 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұнда өндірілген дайын өнім қала нарығына, еліміздің өзге де аймақтары мен ТМД елдеріне экспортталады.
Осындай кәсіпорындардың қаламызды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде тигізер әсері мол.