basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Жолайрық құрылысы жалғасуда

Маусым 9, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Жолайрық құрылысы жалғасуда
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов қаладағы Д.Қонаев және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысына байланысты газдың уақытша өшірілетіндігі  жөнінде баспасөз брифингін өткізді.

Қазіргі таңда Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жобаға сәйкес, қысымы жоғары диаметрі Ø 315 мм газ құбырының орнын ауыстыру жұмыстары қарастырылған болатын. Соған орай орны ауыстырылған газ құбырын қолданыстағы газ құбырына қосу қажеттілігі туындап отыр.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жұмыстар жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 10 маусым күні сағат 9:00-ден 11 маусым сағат 15:00-ге дейін атқарылады. Аталған газ құбырынан Шымкент қаласының Төменгі Отырар шағынауданында 600 пәтер, Рысқұлов – Қонаев – Дулати – Байтұрсынов – Жандосов көшелері орамында және Рысқұлов көшесінің солтүстік беткейінде орналасқан ғимараттар, тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік нысандар газ желісімен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты аталған көшелерде, шағынаудандарда газ желісі толығымен  уақытша сөнеді.

Жоғарыда аталған көшелерде, шағынаудандарда газ желісімен қамтамасыз етілетін ғимараттар, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және маңыздылығы жоғары мекемелерді қосу жұмыстары кезінде газдың уақытша  сөнетіні туралы қала тұрғындарын ақпараттандыруды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеміз.

Сонымен қатар, газ желісін қайта қосқанда үйішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету мамандарының және тұтынушылардың газ жабдықтарына тексеру жұмыстарын жүргізуін және мұқият болуларын сұраймыз.

Tags: 3 мегаполисжолайрықинфрақұрылымшымкент
Previous Post

Шымкент : Мүмкіндігі шектеулі азаматтар онлайн түрде қызметтің 55 түрін алады

Next Post

Шымкент : Баспана иелері тұрғын үйді өздері басқарады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі