basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Еңбекші ауданында биыл 12 инвестициялық жоба жүзеге асады

Маусым 15, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Еңбекші ауданында биыл 12 инвестициялық жоба жүзеге асады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында тозығы жеткен көпқабатты 24 үйдің аулалары жөнделіп, балалар ойын алаңшалары жаңарады.

Бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу мақсатында биыл 17 ашық спорт алаңшасын салу жоспарда бар. Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфирде айтты.

Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Аудан аумағында ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші 94,5%-ды құрайды. Электр жүйесімен қамту көрсеткіші 95,6%-ға жетіп, табиғи газбен қамту көрсеткіші 90%-ды құрайды.

Еңбекші ауданында 2021 жылға 59 көшені асфальттау (58,9 шақырым орташа жөндеу),  14,5 ш/қ аяқжол салу,  30,6 ш/қ шағал тас төсеу жұмыстары жоспарланды. Ауданның орталығындағы магистралды 4 көшеге 6,9 ш/қ және қала ішілік 14 көшеге 6,6 ш/қ орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 9 көшеге 5,2 ш/қ  аяқ жол салынуда.

Қалаға қосылған шалғай аумақтарға да басымдылық берілуде, 41 көшені асфальттау (44,5 ш/қ) жұмыстары жүргізілуде. Жұлдыз аумағында 17,3 ш/қ-ды құрайтын 19 көшені асфальттау жүргізілуде және 2 көшеге 2,5 ш/қ аяқ жол салынуда.

Қаратөбе аумағында 18 ш/қ-ды құрайтын 17 көшені асфальттау жүргізілуде және 3 көшеге 2,8 ш/қ аяқ жол салынуда. Қазығұрт аумағында 10,1 ш/қ-ды құрайтын 5 көшені асфальттау жүргізілуде және 2 көшеге 2,3 ш/қ аяқ жол салынуда. Ғалымжан Ильясовтың айтуынша, биыл аудан аумағында 36402,6 млн. теңгені құрайтын 12  инвестициялық жоба мен  607 жұмыс орнын іске қосылу жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисЕңбекші ауданыинфрақұрылымшымкент
Previous Post

Шымкентте айына 2 миллион шұлық шығаратын кәсіпорын бар

Next Post

Шымкентте бағаны тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларына мониторинг жүргізілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі