Шымкентте халықты жұмыспен қамту мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы» мен мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде құрылып отырған жаңа жұмыс орындары жұмыссыздықты азайтудың басты құралдарының бірі болып отыр.
Мысалы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы 25 390 адамды жұмыспен қамту шаралары жоспарланса, нақты 34 847 адам қамтылып, көрсеткіш 137 пайызға, яғни, асыра орындалды. Ал «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 239 жоба жүзеге асты. Жоспар бойынша 4371 азаматты жұмыспен қамту көзделсе, 8753 жұмыс орны құрылып, 4491 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы «екі қолға бір күрек» тапты. Жоспар 102,7 пайызға орындалып отыр.
Жол картасы аясында жұмыссыз азаматтар қаладағы коммуналды инфрақұрылым жобаларына, мәдениет, білім салаларындағы, құрылыс, қаладағы аулаларды абаттандыру жұмыстарына бағытталды.