Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби көшесінің жалғасындағы құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді. Жол-құрылысының (А-2 жолынан М-32 жол айрығына дейін) ұзындығы – 7,6 шақырым, ені – 43 метр.
Қазіргі уақытта Әл-Фараби көшесіне қосылатын учаскеде 900 метр жолдың жер жұмыстары жүріп жатыр. Жоба құрылысы 2017-2021 жылдар аралығына жоспарланған болатын. Құрылысқа жауапты мердігер – «Отау-Строй» ЖШС.
Қазіргі таңда құрылыс бойынша 6,7 шақырым жол жамылғысы, ирригация жүйесі мен аяқжолдар салынды. Сонымен бірге, Әл-Фараби көшесіне жалғанатын 900 метр учаскесінде жер жұмыстары қарқын алған.
Дегенмен, 14 жер телімі құрылыс жұмыстарына кедергі келтіріп тұр. Сол себепті жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтарудың жолдары қарастырылуда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі