basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Ауыл шаруашылығы бағытында 8 жоба іске қосылды

Маусым 18, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Ауыл шаруашылығы бағытында 8 жоба іске қосылды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев қаланың стратегиялық дамуы бағытында (кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салалары) атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингі өткізді.

А.Сәттібаевтің айтуынша, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түліктермен толықтыру, еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру, АӨК өңделген өнімінің экспортын 2 есеге ұлғайту мақсаты көзделген.

Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде. Мәселен, биыл ауыл шаруашылығында жалпы құны 24 млрд теңге 32 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 7 жылыжай кешені, 3 тауарлы сүт фермасы, 1 бройлер етін шығаратын жоба, 11 мал бордақылау алаңы, 1 құс фермасы, 2 балық шаруашылығы, 2 жеміс көкөніс, 1 сүтті қайта өңдеу кәсіпорыны және 4 сауда нүктелерін кеңейту  немесе қайта жаңғырту бар.

Бүгінгі таңда 931,0 млн теңгеге 8 жоба іске қосылып, жаңадан 51 жұмыс орны ашылды («Корно-1» ӨК, «Эгамназаров» ЖК, «Шымкент құс» ЖШС, «Асыл-жұлдыз», «Ералы» ШҚ, «Абдукаримов» ЖК, «Наркулов» ЖК, «Лапиев» ЖК).

Қала әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру шаралары аясында «Magnum Cash&Carry» ЖШС-не 1 млрд теңге, «Грамад» сауда желісіне 800 млн. теңге, «Фиркан» сауда желісіне 300 млн теңге және «Hermes» ЖШС-не 128 млн теңгеге келісім-шарттар түзіліп, айналымға қарыз-қаражат берілді. Келісімшарттар негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылып жатыр.

Биыл  жалпы егілген 29,3 мың гектар алқаптан  71,7 мың  тонна өнім жинау күтілуде. Қаланың шеткі елдімекендеріндегі үй іргелік жерлерін тиімді пайдаланып, халықтың жағдайын жақсарту мақсатында инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі бағдарлама шеңберінде биыл 164,0 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылады. Әрбір инновациялық жобаны іске асыру кезінде шаруаларға және тұрғындарға жобалар практикалық тұрғыда түсіндіріліп, көрсетілетін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисАйбек СәттібаевАуыл шаруашылығышымкент
Previous Post

Шымкентте кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде

Next Post

Шымкентте кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Шымкент өнімдері» көрмесі өтеді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі