basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі артуда

Маусым 22, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі артуда
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жыл басынан бері жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 11 621,5 млн. теңгені құрады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 137,3% – ға артқан.  Сондай-ақ, қала өнеркәсібінің өндірілген өнімінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 3,9% – ды құрайды. Ал республикада жеңіл өнеркәсіптің үлесі-20,9% – ға жетеді.

Шымкентте  жеңіл өнеркәсіп тоқыма бұйымдарын, киім-кешек, былғары және оған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар көп. Атап айтсақ, «AZALA Textile» ЖШС, «Арайлы» ЖШС, «Жібек.Н.М.» ЖШС, «Гаухар» тігін фабрикасы ЖШС, «АГФ Групп» өндірістік компаниясы» ЖШС, «ALATEX» ЖШС, «Жаңаталап-МТ» ЖШС, «KAZPLAST» ЖШС, «Шабитекс» ЖШС, «AZALA Cotton» ЖШС, «Әлем-БТ» ЖШС, «Хлопкопром-Целлюлоза»  ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Назар текстиль» сынды кәсіпорындар қарқынды жұмыс жүргізуде.

Ал, тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну үлесін ұлғайту және қосылған құны жоғары дайын тоқыма өнімін шығару үшін 200 гектарға «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуде. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық портфелі жалпы құны 86,1 млрд.теңге болатын 44 жобадан тұрады.   Бүгінгі таңда 22 жоба іске асырылып, 32,6 млрд.теңге сомасына инвестиция тартылып, 2 282 жұмыс орны құрылған.

Айта кету керек, «Оңтүстік» АЭА қатысушы кәсіпорындары іске қосқан сәттен бастап 82,1 млрд.теңгеге өнім өндіріп, өнімнің жартысынан көбі 45,1 млрд. теңгеге жақын және алыс 22 елге экспортталды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисжеңіл өнеркәсіпМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте 3000 мыңға жуық адам уақытша қоғамдық жұмысқа жолданған

Next Post

Шымкент : «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы аппараты мен фракция мүшелерінің кеңейтілген мәжілісі өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі