basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары

Маусым 23, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков ақпараттық –коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингіне қатысып, 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы қаланың стратегиялық дамуы бойынша атқарылған жұмыстарын қорытындылады.

Жиын барысында Ерғали Дәулетбекұлы БАҚ өкілдеріне өзі жетекшілік ететін тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы салалары бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында маңызды салалардың бірі – қаржы саласы. Биылғы түсімдер жоспары 451 млрд 275,4 млн теңгені құрайды. Оның ішінде салықтық түсімдер, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсімдер мен трансферттер бар.

Жиында атап көрсетілгеніндей, осы жылдың 5 айында жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 121,8 %-ға орындалған. Яғни, жоспар бойынша 54 млрд. 39,6 млн.теңгенің орнына нақты 65 млрд. 820,2 млн.теңге түсіп, 11 млрд. 780,6 млн.теңгеге артық орындалды.

– Бюджеттің шығыстар бөлігін орындау жөніндегі көрсеткіштердің де жаман еместігін атап өткім келеді. Өткен жылдың қорытындысымен 452,7 млрд.теңге бюджет қаржысы игеріліп, жоспарланған меже 99,7%-ды құраған болатын. Бұл біздің қаламыздағы соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіш, –деді қала әкімінің орынбасары.

Биыл бюджет шығыстарының басым бөлігі  әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Оның ішінде бiлiм беру, әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік және  денсаулық cақтау салалары. Жалпы бюджеттің игерілуі туралы мәліметтерді қала әкімдігінің және қаржы басқармасының сайтынан көруге болады. Мәліметтер ай сайын жаңартылып отырады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисбизнесЕрғали Білісбековшымкентэкономика
Previous Post

Шымкент инвесторлар есебінен мектеп салу бойынша елімізде көш бастап тұр

Next Post

Шымкентке үш жыл ішінде 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі