Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы 2021 жылдың бес айында қала тұрғындарына 480 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 412 452 қызмет «қағаз» жүзінде, 50 мыңнан астам әлеуметтік мәселелер бойынша, ал 45 мыңға жуық жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бар.
-Біздің басты міндетіміз – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігін ұсыну, азаматтардың уақыты мен ақшасын айтарлықтай үнемдеу. Біз халықтың қажетті құжаттарын тез әрі ыңғайлы алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әр бөлімде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда азаматтар өз бетінше электрондық анықтамалар алып, баланы балабақша кезегіне қоя алады, айыппұл мен мемлекеттік баж салығын төлей алады. Ол үшін ЭЦҚ-ның болуы жеткілікті, оны осы жерде орналасқан ХҚО-да ресімдеуге болады, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков.
Жыл басынан бері мамандандырылған ХҚО-ларда 148 мың авто қайта тіркелді, ал жүргізуші куәліктері 29 мың рет ресімделген.
Сондай-ақ, корпорация мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үй жағдайында да отырып, мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы алуы үшін жұмыс істеуде. Ол үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығының нөміріне қоңырау шалып, өтінім қалдыру қажет. ХҚО қызметкері өтініш берушімен хабарласады және клиентке баруға ыңғайлы уақыты туралы келіседі. Мұндай сапарлар кезінде қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алуға да үйретеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі