Ағымдағы жылы Шымкент қаласы Қаратау ауданының Ақжайық шағын ауданында оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту жұмыстарын жүргізу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, қалалық цифрландыру басқармасы жеке инвесторлар тартқан болатын.
Бүгінгі күні, «i-LinkNet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан шағын ауданға талшықты оптика желісі толық (100%) жүргізіліп, 4000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі тартылып, оның ішінде 200 ден астам үйге жоғарғы жылдамдықты сапалы интернет тартылған.
Алайда, шағын ауданда интернетке қосылмаған үйлердің бар екендігі белгілі болды. Осыған орай, басқарма басшысы Әбдіраханов Әсет Маратұлы шағын аудандағы тұрғындармен арнайы жолығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп интернет желісіне қосылуға кеңес беріп қайтты.
Айта кетейік Ақжайық тұрғындары аталған интернетті қосуға өтініш беру үшін +7 (775) 395 29 02 нөміріне хабарласуға болады. Сонымен қатар, мердігер компания Достық шағын ауданына да талшықты оптика желісін тарту жұмыстарын жүргізіп, тамыз айында толыққанды сапалы интернетпен қамтуды көздеуде. Тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда, мердігер компания тарапы шағын ауданды толыққанды талшықты оптика желісімен қамтамасыз ететін болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі