Бүгін «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында қала тазалығын сақтауға арналған «Таза қала!» сенбілік акциясы өтті.
Акцияның басты мақсаты – тұрғындардың қала мен ауласын таза ұстауға шақыру.
«Jas Otan» жастары Абай ауданында орналасқан демалыс саябақтарында дәстүрлі түрде тазалық жұмыстарын жүргізіп, жаңадан отырғызылған шыршаларға су құйып шықты.
Өскен ұя, тұрғылықты мекенді мұнтаздай таза ұстау – рухани жаңғыруға бастар жол. Аталмыш акция күзге дейін жалғасатын болады.