Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланы көріктендіру және күтіп-ұстау жұмыстарының барысымен танысты. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының және аудан әкімдерінің атқарылған жұмыстары баяндалды.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде бүгінде 8 саябақ, 39 гүлзарлар мен аллеялар, 50 ескерткіш бар.
8 саябақ, 39 гүлзарды күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты мердігер мекеме – «Build Stroy» ЖШС. Ал 50 ескерткішті күтіп-ұстау – мердігер мекеме «МраморГранитТас» ЖШС-на жүктелген. 37 субұрқақ және 44 ұңғыманы күтіп-ұстау жұмыстарын мердігер мекеме «Primer Stroi» ЖШС атқаруда.
Қазіргі таңда жалпы 3 мекенжайдағы субұрқақтар, яғни, Арбат саябағындағы 7 субұрқақ, Асар шағынауданында 1 субұрқақ, әуежай маңында 2 субұрқақ су айдағыш құрылғыларының (насос) болмауына байланысты жұмыс істемей тұр.
Аталған жауапты мердігер мекемелер 8 саябақ пен 39 гүлзардың аумағында санитарлық-тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сонымен бірге, күнделікті күл-қоқыстан, қураған ағаштардан, шөптерден тазарту, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын сүртіп-тазалау, сынған мрамор тастарын қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда.
Айта кетейік, басқарма теңгеріміне Самал және Қасірет шатқалы да кіреді. Екі шатқалдың электр жарығы осы жылдың маусым айының басында қайта қосылды.
Қала әкімі шаhарда көгалдандыру, күтіп-ұстау жұмыстарын жүйелеу қажеттігін, бұл бағыттағы жұмыстарды рет-ретімен жоспарлы түрде атқару керектігін атап өтті.
Аудан әкімдіктері әрбір шаршы метр аумақтың күтіміне жауапты екенін алға тартты.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі