basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысымен танысты

Маусым 30, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысымен танысты
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданындағы бірқатар инфрақұрылым және инженерлік жүйелердің құрылыс алаңына барды.

Тұран шағынауданындағы ауыз су, табиғи газ, жол және кәріз  жүйелерінің құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

1-кезеңдегі ішкі орамдық су жүйелердің құрылысына жауапты  мердігер – «Үш Сай» ЖШС. Ондағы су жүйелерінің ұзындығы – 63 шақырым. Құрылысты биыл қыркүйек айында аяқтау жоспарда. Қазіргі кезде жер мәселесін шешу қалды.

2-кезеңдегі ішкі орамдық су жүйелерінің құрылысы «Газовое хозяйство» Шымкентгаз» ЖШС тарапынан атқарылды. Су жүйелерінің ұзындығы – 120 шақырым.

Тұран шағынауданын табиғи газбен қамтамасыз ету үш кезеңге жоспарланған. 1-кезең бойынша магистралдық газ құбырының құрылыс жұмыстары аяқталған. 2-кезеңдегі магистралдық газ құбырының құрылысына «Асем құрылыс» ЖШС тарапынан ЖСҚ әзірленді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілді. Сондай-ақ, 3 кезең бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге «Асем құрылыс» ЖШС тарапынан ЖСҚ әзірленуде. Биыл сараптаманың оң қорытындысы алынып,  құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.

Сонымен қатар, Тұран шағынауданында биыл 13 көшенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында 7 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталады (1,2,6,7,8,10,13). Қалған 6 көшенің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

Қала әкімі инфрақұрылым нысандарын жүргізіп жатқан әрбір мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жұмыс барысы туралы әңгімелесіп, жағдайларымен танысты. Тұран жаңа үлгідегі шағынаудан екендігін айта келе, әкім мердігерлерге мұндағы жасалған жұмыстардың әр кезеңінде сапаға көңіл бөлу керектігін айтып, мәселелердің шешілуі үшін басқарма басшыларына тапсырма берді.

Сондай-ақ, шаһар басшысы мердігер мекемелерге жұмысқа жергілікті халықты тарту қажет екенін атап өтті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте биыл 600 адам қайтарымсыз грантқа ие болды

Next Post

Шымкент : Тұран шағын ауданында электр энергиясын тарату бекетінің құрылысы жүргізілуде

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі