«Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. Әкімнің айтуынша, үш жыл бұрын қалада 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бір миллионға жеткізу жоспарлануда.
«Қазіргі таңда қалада жеке салушылар есебінен 8 639 пәтерлі 178, бюджет есебінен 5 912 пәтерлі 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Шымкент қаласында тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 70,9 пайызға артқан. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 976 отбасын арендалық пәтермен қамту жоспарланып, бүгінде құрылыс басқармасы тарапынан 696 пәтер пайдалануға тапсырылды. Жыл соңына дейін 368 отбасы жалдамалы баспанаға қол жеткізеді. Бұдан бөлек жыл басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының несиелік бағыттары бойынша 1 300-ге жуық азамат баспана иеленді. Оның 286-сы тұрғын үй кезегінде тіркелгендер»,-деп атап өткен әкім өз сұхбатында.
Айта кетейік, Шымкент қаласында қазіргі таңда 44 850 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі