basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әлеуметтік дүкендер саны артуда

Шілде 5, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әлеуметтік дүкендер саны артуда
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қала әкімі М.Әйтенов Шымкент қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді айтқан болатын.

Бүгін азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында 18 шағын ауданы, Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан қаладағы екінші «QAZ ЕТ» әлеуметтік  дүкені ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары А.Саттыбаев пен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қаламызда бірінші «Әлеуметтік дүкен» 11 шағын ауданы, Елшібек батыр көшесі, №116 мекен-жайында ашылған болатын.

Әлеуметтік дүкеннің өзге азық-түлік дүкендерінен  ерекшелігі – халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдерін төмен әрі белгіленген бағада сатуы.

Айта кетейік, қаламызда азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында «Әлеуметтік дүкендер» санын арттыру үшін қаламыздағы ірі шаруашылықтың бірі мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» ШҚ-на айналымға 200 млн. теңге қарыз қаражат беріліп, келісімшарт түзілген болатын.

Келісімшарт негізінде алдағы уақытта шаруақожалық жоспарға сәйкес қаламыздың халқы тығыз орналасқан аймақтарда жыл соңына дейін қосымша тағы 3 әлеуметтік дүкен және 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда тіркемелерін іске қосуды жоспарлауда. Онда әдеттегідей көкөніс және ет өнімдері белгіленген бағада сатылатын болады.

Ал, шаруашылықтың бүгінгі алғашқы ашылған жалпы аумағы 70 шаршы метрді құрайтын «QAZ ЕТ» әлеуметтік  дүкенінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл дүкен алдағы уақытта қаламыздың тұрғындарын сапалы әрі белгіленген бағада азық-түлік өнімдерін сатып алуына өз септігін тигізері сөзссіз.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласында әлеуметтік азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында «Грамад», «Фиркан», «Magnum Cash&Carry» ірі сауда орталықтарында әлеуметтік 19 тауарды бекітілген шектік бағада саудалануда. Сонымен қатар, қаланың 4 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылып, тұтыну тауарлары нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада сатылып келеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполис«QAZ ЕТ»шымкентәлеуметтік дүкендер
Previous Post

Шымкент : Инновациялық жобалар бойынша 205 өтінім түсті

Next Post

Шымкент әкімі отандық электр энергия құралдарының таныстырылымына қатысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі