basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте тәулік бойы жұмыс істейтін оңалту орталығы ашылды

Шілде 7, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте тәулік бойы жұмыс істейтін оңалту орталығы ашылды
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай медициналық мекемелердің ашылу салтанаты өтті.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов тәулік бойы жұмыс істейтін “Виктория” оңалту орталығының ашылуына қатысты.

Ауруханадан шыққан науқастар енді бірден оңалту емін қабылдай алады. Қала әкімінің бірінші орынбасары оңалту орталығының қала тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Жаңадан ашылған емдеу мекемесі 120 орынға лайықталған. Мұндағы қызметтің барлық түрі тегін көрсетіледі.

Нақтырақ айтқанда, орталықта неврологиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, травматологиялық бейіндегі және күндізгі стационарда 18 жастан асқан науқастарды қалпына келтіру және медициналық оңалту емдері жүргізіледі. Бұл орталықтың ерекшілігі, ауруханадан шығарылған науқастар кедергісіз  ем қабылдауға мүмкіндігі бар.

Орталықтағы медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде тегін көрсетілетін болады. Сондай-ақ, мұнда медицина қызметкерлері үшін 120 жұмыс орны ашылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисоңалту орталығышымкентШыңғыс Мұқан
Previous Post

Шымкент : «Тұран» шағын ауданында инфрақұрылымды дамыту бойынша көшпелі жиын өтті

Next Post

Шымкентте мерекеге орай 11 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі