Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай «SAGITEX GROUP» ЖШС іш киім өнімдерін шығаратын фабрика іске қосылды.
Жобаға 337 млн теңге инвестиция тартылған. Жоба жылына 400 000 дана іш киім өнімдерін тігіп, сатылымға шығаратын болады. Өндіріске «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтан 1 гектар жер берілді. 11 адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында бүгінде 2293 жаңа жұмыс орнымен 26 жоба жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін 12 млрд теңгеге 5 жобаны іске қосып, 290 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі