basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Инфрақұрылым : «Ақжайық» шағына уданында 200-ден астам үй жоғары сапалы интернетке қосылды

Шілде 8, 2021
in Жаңалықтар
0
Инфрақұрылым : «Ақжайық» шағына уданында 200-ден астам үй жоғары сапалы интернетке қосылды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов қала әкімдігінің «Instagram» парақшасында өткен тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Басқарма басшысы шалғайдағы елдімекендерді мобильді интернетпен қамту жұмыстарына тоқталып, тұрғындар сауалына жауап берді.

Ә. Әбдірахановтың айтуынша, бүгінде қаладағы шағынаудандар мен тұрғын алаптар аумағына 11 базалық станция орнатылды.

2021 жылы қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз етудің    2-кезеңінде 14 жердің координаталары мобильді байланыс операторларымен келісілді. Олар – А2 трассасы, әуежай маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ (саяжай алабы), Тассай, «Құрсай, Р32 тас жолы, Ынтымақ (Тұрлан), Абдулабад, Забадам, 226 Орам, Асар, Самал-3 және Достық шағын аудандары.

8 нүкте жеке инвестор есебінен, 6 нүкте әкімдікпен мобильді байланыс операторлорымен бірлесе жеке нысан иелерімен тікелей келісуі арқылы іске асырылуда. 8 жер телімінің 2-уіне  (Тассай мен Ынтымақ шағынаудандары) антенна-матчталық құрылғы орнатылып, электр энергиясына жалғау жұмыстары басталды. Қалған 6 нүкте бойынша инвестор тарапы жер қазу жұмыстарын жүргізуде.

Жеке нысан иелерімен келісу көзделген 6 нүктенің 2-уіне (Абдулабад, Забадам) базалық станциялар орнатылып, электр энергиясын тарту жұмыстары басталды. Қалған 4 жер телімі бойынша коммерциялық нысан иелерімен келісіліп, монтаждау жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, қала аумағындағы интернет сапасы төмен 30 тұрғын алап анықталып, оптика тарту жұмыстары қолға алынуда. «Digital Elements» ЖШС тарапынан қала аумағындағы Көкбұлақ, Тассай, Таскен тұрғын алаптарындағы 4 көшеге (400 үйге) кабел жүргізілді.

Ал «I-LinkNet» ЖШС тарапынан Ақжайық шағынауданына талшықты оптика желісі толық (100%) жүргізіліп, 200-ден астам үй өтініш беру арқылы жоғары жылдамдықты сапалы интернетке қосылған.  Жеке инвестор «Fishnet» ЖШС-мен келіссөздер жүргізу нәтижесінде инвестор есебінен 2021-2023 жылдары шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамтуға 1 млрд теңге қаржы қарастырылатын болады. Нәтижесінде 80 000 үй сапалы интернет желісімен қамтылады. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан интернетпен қамтуға қажетті құрал жабдықтар алынып, монтаждау жұмыстары басталды.

Басқарма басшысы осы бағыттағы жұмыстар бойынша тұрғындардың сауалына жауап берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполис«Ақжайық»инфрақұрылымшымкент
Previous Post

Инфрақұрылым : Шымкентте аялдамалар жаңаруда

Next Post

Шымкент : Қайнарбұлақ елдімекенінде электр бағаналары орнатылуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі