Шымкент қаласында сүтті қайта өңдеуге маманданған «Халаев» ЖК кәсіпорыны жұмысын бастады. Қаратау ауданында жүзеге асырылып жатқан жобаның құны – 300 млн теңге.
Кәсіпорын жылына 500 тонна сүт өнімін өңдеп, қатты ірімшік шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс орнында 25 адам жұмыспен қамтылған. Жобаға жалпы 300 млн теңгеге жуық инвестиция тартылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі