basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Ақтас-2 шағын ауданы жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен қамтылады

Шілде 8, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Ақтас-2 шағын ауданы жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен қамтылады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдауына келген Н.Аширов мүгедек баласының сауықтыру орталықтарында ем алуын, дәрілерін алуға көмек беруді сұрап келді. Балаға бөлінген витаминдер, дәрілер берілмей келгені белгілі болды.

«Дәріге қаражат қаралған. Мүгедектер арбасы бар. Неге тұрғынға берілмей отыр? Егер кінәлі бар болса жазалануы керек. Тұрғынды бүгіннен қалдырмай жеке қабылдап, мәселенің мән-жайын анықтаңыз. Мәселені түбегейлі шешіп, маған баяндаңыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында олқылықтар бар. Соны ретке келтіріңіз», – деп өзінің бірінші орынбасарына нақты тапсырма берді.

Ал, Абай ауданының тұрғыны Д.Сүлейменов Ақтас-2 шағын ауданының инфрақұрылым және аялдама орнату мәселелерін көтерді.

Тұрғынның талап-тілегін тыңдаған шаһар басшысы шағын ауданның газ мәселесі келесі жылы шешілетінін айтты. Бүгінде құрылысқа қаржы бөлініп, мердігер анықталып жатыр. Ал, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Аталған жұмыстар күзде аяқталып, жыл соңына дейін тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылатынын атап өтті. Сонымен бірге, әкім Мұрат Әйтенов тиісті сала басшысына қыркүйек айында аялдама қойып беру жөнінде тапсырма берді. Жұмыстардың атқарылу барысын көру мақсатында Ақтас-2 шағын ауданына барып, тұрғындармен кездесетінін айтты.

Одан өзге, Ұлағат шағын ауданы Е.Спатаев көшесінің тұрғыны су мен жарыққа қатысты шағымын жеткізді.

– Су құбырына келер болсақ, ол жерде стандартқа сай емес құбыр болғандықтан артық қысымды көтермей ақау орын алып жатыр. «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасына сәйкес, осы жылы тамыз – қыркүйек айларында тозығы жеткен ауыз су құбырлары жаңартылатын болады. Жарықтандыру мәселесі күзде шешімін табады, – деді қала әкімі. Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбекке мәселе шешімін тапқанға дейін жеке бақылауына алып, тұрғынмен кездесуді жүктеді.

Онлайн қабылдау барысында тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жер мәселесі де сөз болды. Қала әкімі тұрғындардың арыз-шағымы назардан тыс қалмай, заңды және жоспарға сай шешілетінін жеткізді. Аудан әкімдеріне тұрғын алаптарды аралап, биыл және алдағы жылы жасалатын жұмыстарды тұрғындарға жүйелі түрде түсіндіріп отыруды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 3 мегаполисауыз суинфрақұрылымшымкент
Previous Post

Талғамы биік, тарихы терең - қазақ театры!

Next Post

Инфрақұрылым : Шымкент қаласын абаттандырудың жаңа тұжырымдамасын әзірленеді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі