basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : «Жастар практикасы» бойынша мыңнан астам қала тұрғыны жұмысқа орналасты

Шілде 9, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : «Жастар практикасы» бойынша мыңнан астам қала тұрғыны жұмысқа орналасты
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту шараларына тарту бағыты белсенді жүзеге асырылуда. Уақытша жұмысқа орналасқан қала жастарының  бірі – Аида Дидарбек.

Болашақта білікті де білімді ұстаз болуды мақсат еткен Айда Дидарбек 2020 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдады. Қолға диплом алған соң жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту орталығына тіркелді. Нәтижесінде  биыл мамыр айында «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында «Фемида – Оңтүстік колледжі» мекемесіне мамандығы бойынша 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды.

Жалпы «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді.  Дегенмен де , жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік береді. Аталған бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019,2020,2021ж) жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады. Жалақысы 25 АЕК (72 925 тг) құрайды. Бұл бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады.

Шымкентте жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 1000-нан астам  шымкенттік жас аталған бағдарламамен түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполис«Еңбек» бағдарламасыбизнестің жол картасыкәсіпкерлікшымкент
Previous Post

Шымкент әкімі Ақтас-2 шағын ауданындағы инфрақұрылым мәселесін шешуді тапсырды

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ҚАРҚЫН АЛАДЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі