basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Инфрақұрылым : Шымкентте 91 мүлік иелерінің бірлестігі мен 424 жай серіктестік тіркелді

Шілде 12, 2021
in Билік
0
Инфрақұрылым : Шымкентте 91 мүлік иелерінің бірлестігі мен 424 жай серіктестік тіркелді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың төрағалығымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі кондоминиум нысандарының басқару жүйесін таңдау және тұтынушылардың газ жабдығын қауіпсіз пайдалануы мен үй ішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету келісім шартын жасау мәселелері жөнінде жиын өтті. Жиынға аудан әкімдері мен сала жұмысына қатысты басқарма басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы өткен жылы «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды тапсырған болатын. Осының негізінде қалада 91 мүлік иелерінің бірлестігі, 424 жай серіктестік тіркелді.

Сондай-ақ, жиында газ мәселесі де қаралды. Қала бойынша орталық газ жүйесіне қосылған – 192 780 абонент бар. Оның ішінде: көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 85 243 абонент болса, жеке сектор бойынша 100 362 абонент. Ал өндірістік кәсіпорындар және әлеуметтік нысандар бойынша 363 абонент, тұрмыстық шаруашылық мекемелер бойынша 6 812 абонент.

Осы ретте қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Г. Утенбаев өткен 2020-2021 жж. жылыту маусымында авариялық-диспечерлік қызмет бөлімнің ұсынған мәліметіне сәйкес, улы газбен улануы күмәнімен, қала аумағында тұрғындар арасында өте көп фактілер орын алғанын атап өтті. Аталған оқиғалардың басты себебі тұрғындардың техникалық талаптарды сақтамауы дейді ол.

«Қала орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан тұрғындармен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 186 мың газ пайдаланушылардан 73 мың ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуші мекемелермен қауіпсіздік шаралары үшін келісім шарт жасалды»,-деді басқарма басшысы.

Жылыту маусымына дейін тұтынушылардың техникалық қызмет көрсету келісім шартымен қамтылуын 75 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисмақсұт исаховтұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегіне 2581 азамат тіркелген

Next Post

Шымкентте 3 айлық кәсіптік оқытудың бірінші ағымы басталды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі