basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : «Ашық әкімдік» арқылы тұрғын үй-коммуналдық мәселелердің шешімі табылуда

Шілде 12, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : «Ашық әкімдік» арқылы тұрғын үй-коммуналдық мәселелердің шешімі табылуда
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қала әкімінің тапсырмасына сәйкес халықпен кері байланыс орнату  жүйелі түрде іске асып келеді. Осыған орай  қала тұрғындары әлеуметтік мәселелерін шешу үшін өзі тұратын аудан әкімдігіне жүгіне алады.  Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев кестеге сәйкес тұрғындарды жеке қабылдады.

Қабылдау кезінде тұрғын  Х.Жандарбеков «Сәуле» мөлтек ауданындағы мазараттың шекарасы турасында  айтты.  Әкім қазір  аталған аймақта  жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде екендігін, алдағы уақытта  жер учаскесінің аумағында орналасқан тұрғын үйлер және кәсіпкерлік нысандар бойынша нақты шаралар қолданылатындығын жеткізді.

Ал тұрғын  П.Назанова Қырғы базардың алдындағы жабайы сауданың жабылуына байланысты уәжін білдірді. Алайда аудан әкімі ҚРӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес, белгіленбеген орындарда сауда жасауға болмайтынын, аяқ жолда сауда-саттық жасау жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретінін түсіндірді.

Сондай-ақ, Бостандық көшесінің тұрғыны А.Айбекова тұрғылықты жерінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде бұзылған қоршауын қалыпқа келтіріп беруін сұрады. Аудан әкімі бұл мәселенің  қалалық  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жолданатынын жеткізді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімнің жеке қабылдауына жазылу үшін Әл-Фараби әкімдігіне  келіп алдын-ала өтініш қалдыруы тиіс.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисРашид Мыңбаевтұрғын үй коммуналдықшымкент
Previous Post

Шымкент : Әл-Фараби ауданы аумағындағы жасыл желектер суғарылды

Next Post

Шымкент : «Тұран» шағын ауданын абаттандыру мәселесі талқыланды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі