basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Әл-Фараби ауданында 22 көше жарықтандырылады

Шілде 13, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Әл-Фараби ауданында 22 көше жарықтандырылады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында 404 көшенің 103-і толық жарықпен қамтылса, 301 көше жарықтандыруды қажет етеді. Биылдың өзінде ауданда 22 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды баяндап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Бүгінде ауданның шалғай елді мекендері саналатын Ақтас,195 және 276 орамдарда инфрақұрылым мәселесі ретімен шешімін тауып келеді. Мәселен, 195 орам және Ақтас-2 шағынауданында  жалпы 5,2 шақырым жолға шағал тас төсеу қарқынды жүргізілуде. Бүгінде 195 орамда 5 көше, Ақтас-2 шағын ауданында 4 көше жөнделуде. Сондай-ақ, 195 орамда газ құбырларын тарту жұмыстары қатар атқарылуда. Ал ауыз су және жарықтандыру мәселелері толық шешімін тапқан.

Аудан әкімінің айтуынша, ағымдағы  жылы Әл-Фараби ауданындағы 7 көшеге жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жоспарға сәйкес «Сәуле» шағын аудандағы 2 көшеде және орталық аумақтағы 3 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, «Түркістан» көшесінен А-2 жолына дейін, Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары және Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшелеріндегі қиылысқа айналма жол салу жұмыстары қолға алынған.

Ақтас-2 және 276 орамда ауыз су құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоспарға сейкес Ақтас-2 шағынауданындағы ауыз су құрылысы 2021 жылдың қарашасында аяқталуы тиіс. Ал осы жылдың маусым айында басталған 276-шы орамдағы ауыз су құрылысы келесі жылға өтпелі. Аталған жұмыстар аяқталса 276 орамда 260 үй, ал Ақтас-2 шағын ауданында 45 үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ.

Аудан әкімі тікелей эфир барысында тұрғындардың инфрақұрылым және әлеуметтік салалар бойынша сауалдарына жауап берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисауыз суРашид Мыңбаевшымкент
Previous Post

Шымкент инфрақұрылым сапасын арттыруды мақсат тұтады

Next Post

Шымкент : Абай ауданы әкімі инфрақұрылым мәселесі бойынша тұрғындармен кездесті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі