Инфрақұрылымдық дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаласы аясында Шымкент қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі «Тұран» шағын ауданында №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол, веложол және автомобиль жолдардың сызбалары да енгізілген.
2021 жылдың соңына дейін № 1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал 3,4,5,9,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.
Мәселен, биыл пайдалануға берілетін №2 көшенің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Отау строй» тарапынан атқарылуда. Қазіргі уақыта жасалынып жатқан жұмыстардың 80 %-ы аяқталған.
Сондай-ақ, «Ақжол» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан №10 көшенің де 60 % жұмыстары орындалды. Жалпы жыл соңына дейін 6 көшенің құрылысы аяқталады деп күтілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі